Астанада жалған чекпен дүкен сатушысын алдаған тұрғын ұсталды

Астанада жалған чекпен дүкен сатушысын алдаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Астана қаласы ПД Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық жасады деген күдікпен 32 жастағы қала тұрғынын анықтады.

 Тергеу барысында ер адамның Қошқарбаев көшесіндегі дүкеннен бірнеше күн бойы сауда жасағаны белгілі болды. Алайда күдікті кассада төлем жасаған сыңай танытып, қолдан жасалған чектерді көрсетіп, тауар үшін есеп айырысып жүрген.

Ревизия жасау барысында алаяққа алданғанын түсінген дүкен иесі полицияға жүгінген. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 250 мың теңге.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Астана қаласының полиция департаменті сауда саласының қызметкерлеріне сақ болуға және электрондық төлем чектерінің түпнұсқалығын мұқият тексеруге кеңес береді.

Қазір оқып жатыр

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

1 шілдеден бастап ипотека алу қиындай ма?