Астанада вандалдар жаңа LRT вагондарын бояп, сурет салып кеткен

Назарбаев әуежайы станциясында тұрған LRT вагондарының сыртына белгісіз біреулер сурет салып кеткен.

коллаж

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде аталмыш жағдайдың фотосы жарияланды.

Жолаушылар тасымалымен айналысатын City Transportation System компаниясы вандализм фактісін растады.

Фото: әлеуметтік желіден

«Вагондардың сыртына рұқсатсыз граффити салынғаны тіркелді. Бұл туралы ақпарат құқық қорғау органдарына берілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады компания өкілдері.

Компания өкілдерінің айтуынша, вагондардың сырты арнайы қорғаныс қабатымен қапталған, сол себепьі бояу негізгі қабатқа сіңбеген.

Қазіргі уақытта вагондардың бетінен граффитиді өшіру жұмысы жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

РФММ гранттары төңірегіндегі дау: Оқу-ағарту министрлігі түсінік берді

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды