Астанада үй алдындағы аулада екі жасар баланы көлік қағып кетті

Қайғылы жағдай 3 мамыр күні Астана қаласындағы Иманов көшесінде орналасқан үйдің ауласында болған.

ІІМ

Астана, NEGE. Оқиға болған сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бұл дерек бойынша полиция қызметі қылмыстық іс қозғады.

«Kia Seltos автокөлігінің жүргізушісі аула ішінде қозғалып келе жатып, жолға жүгіріп шыққан баланы қағып кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды», – деп хабарлады Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті