Астанада ұшаққа кешігіп келіп, полицейге тіл тигізген жолаушы сотталды

Елорда әуежайында Алматы тұрғыны ұшаққа кешігіп келіп, агрессивті мінез көрсетіп, әуежай аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынудан бас тартқан.

Полиция

Алматы, NEGE. Тергеу барысында ер адамның полицейлердің талаптарын елемей, оларға балағат сөздер айтып, денсаулыққа зиян келтірумен ашық қорқытқаны анықталды. Оның әрекеті билік өкілдеріне қарсы қылмыс ретінде бағаланды.

Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы кінәні дәлелдейтін бұлтартпас айғақтар ұсынды. Істі қарау нәтижесінде сот ер адамды кінәлі деп танып, 1 жыл 1 ай мерзімге бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Колумбияда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 66 адам қаза тапты – БАҚ

Қазақстанда жаңа цифрлық KEDEN жүйесі енгізіліп жатыр

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты