Астанада үш қабатты ғимараттан шыққан өрт сөндірілді

Астанада Байқоңыр ауданындағы үш қабатты ғимараттан шыққан өрт сөндірілді.

Астана қаласы ТЖД

Алматы, NEGE. Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер аумағы 300 шаршы метр алаңда болған өртті толығымен сөндірді.

Оқиға орнында 3 жауынгерлік участкесі құрылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.  Нақтыланған мәліметтер бойынша, үш қабатты ғимараттың 3-ші қабатында сөрелер мен төбе жанған, жалын 2-ші қабаттың сатысына көшкен.

Өртті сөндіруге 19 техника және жеке құрамнан 90 адам жұмылдырылды.

Зардап шеккендер жоқ.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты