Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды
Елордада азаматтардың діни сенімін пайдаланған ер адам сотталды.
Астана, NEGE. Ол өзін қажылық сапарын ұйымдастырушы ретінде көрсетіп, жалған әуе билеттері мен қонақ үйлер үшін азаматтардың 7,4 млн теңгеден астам қаражатын алдап иемденген.
Алаяқтың құрбаны еліміздің әртүрлі өңірінен 17 адам болды, олардың арасында қарт ата-аналарын умраға жіберуді жоспарлаған отбасылар да бар.
Сотталушы ірі көлемдегі алаяқтық жасағанын мойындап, жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеді.
Сот үкімімен оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.