Астанада ұландықтар есінен танып қалған әйелге алғашқы көмек көрсетті

Астанада орналасқан ҚР Ұлттық ұланы 5573 әскери бөлімінің сарбаздары қалада қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде есінен танып қалған әйелге алғашқы көмек көрсетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Оқиға 30 маусым күні сағат 17:00 шамасында болды. Қала тыныштығын қадағалап жүрген патрульдік топ бастығы қатардағы жауынгер Жанат Балтин және оның көмекшілері Сұлтан Тумаков пен Исмайыл Керей “Атырау” жаяу жүргіншілер көпірінің жанындағы патрульдеу бағыттарының бірінде есінен танып қалған әйелді көрген.

Ұландықтар тұрғынға дереу алғашқы көмек көрсетіп, қауіптің алдын алды.

– Біз өзімізге жүктелген жерді барлау барысында күтпеген жерден көшеде ес-түссіз жатқан әйел адамды көрдік. Оған жүгіріп барып, алғашқы көмек көрсеттік. Содан кейін оқиға орнына дәрігерлер шақырылды, – деді қатардағы жауынгер Жанат Балтин.

Жедел жәрдем бригадасы келгеннен кейін әйел қалалық ауруханаға жеткізілді.

Қазір оқып жатыр

Сот Дулат Қожамжаровтан және онымен байланысты компаниялардан миллиардаған теңге өндіріп алды

Лионель Месси Temu және басқа да онлайн-платформаларды сотқа берді

«Балаларымыз үшін қорқамыз»: Астана маңында оқушылар тоз-тозы шыққан мектепте білім алуда

Жамбылдағы сарбаз өлімі: рота командиріне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды