21 октября 2024 г. 11:43

Астанада төрт жылдан бері хабар-ошарсыз кеткен ер адам табылды

Фото: Полиция

Астана полициясы 2020 жылдан бері туыстарымен байланыста болмаған ер адамды тапты.

Алматы, NEGE. Елорда аумағында өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетуге және іздеуде жүрген адамдарды анықтауға бағытталған «Қаңғыбас» атты жедел-алдын алу іс-шарасы өтті.

Рейд барысында полиция қызметкерлері қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 4 қылмыскерді, сондай-ақ құқық бұзушылық жасады деген 6 адамды ұстады.

Сонымен қатар, хабар-ошарсыз кеткен 3 азаматтың жүрген жері анықталды.

Оның ішінде бір азамат 2020 жылдан бері туыстарымен байланыста болмаған. Төрт жыл бойы туыстары оның оралуынан үміт үзбеген 48 жастағы ер адамның оқиғасы ерекше назар аударуға тұрарлық. Полицияның үйлесімді әрекеттерінің арқасында ер адам табылып, отбасымен қайта қауышты.