Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шықты

Астана қаласы Сарыарқа ауданындағы Жеңіс даңғылы бойында орналасқан тоғыз қабатты үйдің екінші қабатындағы пәтерлердің бірі өртке оранды.

Видеодан кадр/ ТЖМ

Астана, NEGE. Құтқарушылар өрт кезінде 12 адамды құтқарып, 25 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

«ТЖД күштерінің келіп жетуі бойынша екінші қабатта балкон және терезе ойығының жанғаны анықталды. Құтқарушылар жоғарғы қабаттардан 25 адамды эвакуациялады. Сонымен қатар, 12 адам, оның ішінде 9 бала арнайы құтқару маскаларының көмегімен құтқарылды», – делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер 20 шаршы метр аумақты қамтыған өртті толық сөндіріп, өрттің әрі қарай таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ.

Қазір оқып жатыр

Құлыбаевпен байланысты компанияның бір бөлігі аукционда 36 млн теңгеге сатылды

Қазақстанда бензин мен дизель отыны бағасы өсуі мүмкін

Ер адам мемлекеттен үй алу үшін кезегін 30 жыл күткен

Ақылы жолдарда лазерлер орнатыла бастады: ол не үшін қажет?