Астанада терроризм туралы жалған хабарлама берген оқушылардың ата-анасына айыппұл салынды

Астанада терроризм актісі туралы жалған хабарлама берген оқушылардың ата-анасына айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. 5 ақпанда Астананың жедел басқару орталығына телефоннан хабарлама келіп түсті, онда қоңырау шалушы қала мектептерінің бірінде террорлық шабуыл болатынын хабарлады.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу келді. Жалған қоңырауға 11 жастағы үш оқушы қатысқаны анықталды. Осы факт бойынша ата-аналарға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Көрінеу жалған хабарлар ауыр қылмыс болып саналады. Дайындалып жатқан терроризм актісі туралы хабар бес мың АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе бес жылға дейінгі мерзімге шектеуге не бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қылмыс жасалған кезде он төрт жасқа толған адамдар ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Қазір оқып жатыр

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

1 шілдеден бастап ипотека алу қиындай ма?