Астанада «Telegram»-ның кеңсесі ашылады

Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев «Астана» халықаралық қаржы орталығының базасында Telegram мессенжерінің кеңсесін тіркеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады.

pixabay.com

Астана, NEGE. Бұған дейін кеңсенің нақты қай қалада болатыны айтылмаған еді.

«Біз Аstana халықаралық қаржы орталығының базасында «Telegram»-ның кеңсесін ашып жатырмыз. Контентті модерациялауға жауапты нақты адам анықталады. Егер зорлық-зомбылыққа шақыру немесе есірткінің заңсыз айналымымен байланысты заң бұзу фактілері тіркелсе, Telegram біздің өтініштерімізді жылдам қарап, арналарды бұғаттап, жоюға көмектеседі», – деді Жаслан Мәдиев.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?