Астанада «Таза Қазақстан» экоакциясына арналған 40 метрлік мурал ашылды

Сурет Сығанақ көшесі, 1 үйінің қабырғасына салынды. Оның биіктігі – 40 метр және ауданы 480 шаршы метрді құрайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана әкімдігі

Алматы, NEGE. Муралда ұлттық киімдегі балалар бейнеленген. Көшетті суарып тұрған балалар өсу мен өркендеуді бейнелейді. Көк аспанның фонында шаңырақ пен уықтарды және Астананың көрнекті жерлерімен безендірілген жасыл планетаны көруге болады. Муралда «Таза Қазақстан - Таза болашақ» деген жазу жазылған.

Мурал осы жылдың сәуір айында басталған «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясының аясында салынған. Осы бастама аясында елордада түрлі іс-шаралар өткізіліп, оған мыңдаған астаналық қатысты. Тұрғындар қаланы абаттандыруға, ағаш отырғызуға, өзендерді тазартуға және рұқсат етілмеген полигондарды жоюға белсенді қатысып, әлеуметтік бастамаларға қолдау беруде.

Қазір оқып жатыр

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды