Астанада танымал волонтер жас жігітке жыныстық сипаттағы зорлық көрсетті деген күдікке ілінді

Астанада «Зорлау» бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді.

pixabay.com

Астана, NEGE. Telegram-дағы Kozachkov offside арнасының жазуынша, істе 2008 жылы туылған ер адам жәбірленуші ретінде танылған.

«Күдікті ретінде екі ер адам ұсталды. Солардың бірі –  іздестіру-құтқару жасағына жетекшілік ететін елордада танымал волонтер», – делінген жазбада.

Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі Nege.kz-ке Сәлімовтің ұсталғаны жөніндегі ақпаратты растады.

«Жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр