Астанада судья мас күйде ұсталды деген ақпарат тарады

Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та Астанадағы азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Асель Досаева мас күйінде көлік жүргізгені туралы ақпарат пайда болды. Бірақ бұны ресми түрде ешкім растаған жоқ 

pixabay.com

Астана, NEGE. Бұл жағдайға қатысты түсініктеме алу үшін Астана қалалық Полиция департаментіне жүгіндік. Ведомствоның баспасөз қызметі рейд кезінде патрульдік полиция қызметкерлері Mazda маркалы автокөлікті тоқтатқанын хабарлады.

«Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, жүргізушіден алкогольдік масаң күй анықталды. Көлік арнайы тұраққа қойылды, тексеріс жүргізілуде», – деп мәлімдеді полиция өкілі.

Алайда, жүргізушінің аты-жөні ресми хабарламада көрсетілген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді

Әл-фараби даңғылында жол апаты: Ішкі істер министрі тергеу барысын баяндады