1 июля 2025 г. 16:15

Астанада студент мопед ұрлады деген күдікке ілінді

Фото: Полиция

Астана қаласында студент ұрлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана, NEGE. Ол тұрғын үй ауласынан мопедті заңсыз иемденіп, белгісіз бағытқа бой тасалаған. Түнгі уақытта Сарайшық ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында тұрған мопедті белгісіз біреу айдап кеткен. Оның иесі полицияға жүгініп, көлік құралының ұрланғанын хабарлаған. Келтірілген материалдық шығын көлемі 150 мың теңге. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Мопедті ұрлап, міну барысында қолын сындырып алған. Үйіне дейін жеткізе алмай жақын жердегі белгісіз бір мекенжайға қалдырып, 4 күннен кейін алып кеткен. Ол — қаладағы колледждердің бірінде білім алатын 2 курс студенті.

Тексеру кезінде ол кінәсін толық мойындап, мопед тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы мен процестік шешімдер заң талаптарына сәйкес қабылданатын болады.