Астанада әйелді сыртынан видеоға түсірген сталкер сотталды

Қала тұрғыны қарым-қатынас орнатқысы келмейтінін біле тұра, жәбірленушіні алты ай бойы аңдып келген.

freepik.com

Астана, NEGE. Прокуратура  мәліметінше, ер адам жәбірленушіні келісімінсіз бейнежазбаға түсіріп, оған психологиялық қысым көрсеткен, тіпті қолданыстағы қорғау нұсқамасын елемеген.

Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдейтін толық әрі жан-жақты айғақтар ұсынды.

Сот үкімімен ол сталкинг жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 100 сағат қоғамдық жұмыстарға тартылып, моральдық зиянды өтеуге міндеттелді.

«Аталған тұлғаның бұған дейін бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеп, оның шарттарын бұзғанын ескере отырып, өтелмеген жаза бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды», – делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Бағбандар, жүргізушілер, инженерлер: Тоқаев Түркістандағы саммитке үлес қосқан азаматтарды марапаттады

Депутат Алматыда Hilton қонақ үйін күштеп тартып алу әрекеті жүріп жатқанын мәлімдеді

Банктердің алтын дәуірі аяқталды – экономист

«Астана дәмханаларына ит еті жеткізілген» деген сыбысқа ветеринарлар не дейді?