Астанада СОБР қызметкерлерін соққыға жыққандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Әлеуметтік желіде Астанада Жедел әрекет ету арнайы жасағы (СОБР) қызметкерлерінің соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарады.

Полиция

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде жарияланған мәліметке сәйкес, 21 қаңтар күні бірнеше жігіт елордадағы Есіл аудандық полиция бөліміне келіп, жедел қимылдайтын жасақ қызметкерлеріне шабуылдап, денесін жарақаттап, оқиға орнынан қашып кеткен.

Бұл оқиғаға қатысты қалалық полиция департаменті түсініктеме берді.

«Аталған факт бойынша Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады. ҚР ҚК 201-бабына сәйкес, басқа мәліметтер жарияланбайды», — деп хабарлады полиция өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады

Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақты «бос сөз» алаңына айналдырмауға үндеді

Теңіз кен орнында тағы бір апатты жағдай болды

Михаил Шайдоров: «Ел алдында атымды қаралауға жол бере алмаймын»