Астанада саунаның әкімшісі үш миллион теңге жымқырған

Астанада саунаның әкімшісі үш миллион теңге жымқырған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Елорда полициясына 35 жастағы жергілікті тұрғыннан арыз түсті. Саунаның иесі кассадан шамамен үш миллион теңге жымқырылғанын хабарлаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, аталған мекеменің 34 жастағы әкімшісі бұл іске күдікті ретінде анықталды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, әйел жұмыс барысында келушілерден түскен ақшаның бір бөлігін кассаға салып, қалғанын өз шотына аударып отырған.

Тергеу кезінде күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Сот Оразалы Ержановтың бостандығын шектеу туралы үкім шығарды

Hyundai-дің АҚШ-тағы мәселесі Қазақстандағы көліктерге әсер етпейді

Ақтауда депутат пластикалық отадан кейін қайтыс болды

Прокурор қоғам белсендісі Оразалы Ержановқа төрт жыл шартты жаза тағайындауды сұрады