Астанада сауда үйінен спорттық киімдер ұрлаған ер адам ұсталды

Астанада сауда үйінен спорттық киімдер ұрлаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Нұра ауданы ПБ криминалдық полициясының қызметкерлері дүкеннен ұрлық жасады деген күдікпен 29 жастағы ер адамды ұстады. Полицейлерге сауда орталығының қызметкері белгісіз біреудің дүкеннен екі спорттық күрте ұрлап, жалпы құны 100 мың теңгеден астам шығын келтіргенін хабарлаған.

Тергеу барысында күдіктінің сауда алаңына кіріп, клиент атын жамылып, тауарды таңдай бастағаны анықталды. Киім ауыстыру бөлмесіне барып, киімнен магнитті алған қаскүнем күртесінің астынан киіп дүкеннен шығып кеткен.

Ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы да тексеріледі. 

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін