Астанада сауда орталығында жартылай жалаңаш жүгіріп, қоғамдық тәртіпті бұзған ер адам қамауға алынды

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер елордадағы ойын-сауық және сауда орталықтарының бірінде жартылай жалаңаш күйде жүгіріп, келушілердің назарын аударып, қоғамдық тәртіпті бұзған ер адамның видеожазбасын анықтады.

Полиция

Алматы, NEGE. Жедел-іздестіру барысында 26 жастағы құқық бұзушы анықталды.

Қоғамдық тәртіпті сақтамаған азамат ұсақ бұзақылық бойынша жауапқа тартылды.

Сот шешімімен ер адам 15 тәулікке қамауға алынды.