Астанада «Сарыарқа» сауда-ойын сауық орталығында өрт шықты

Елорда өрт сөндірушілері Нұра ауданы Тұран даңғылы бойында орналасқан «Сарыарқа» сауда-ойын сауық орталығындағы өртті сөндірді.

ТЖМ

Астана, NEGE. Ғимараттағы барлық адам  эвакуацияланды.

Өрт сөндіру барысында ғимаратқа жапсарлас салынған екі қабатты нысан өртенгені анықталды.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.