Астанада Путиннің келуіне байланысты бірнеше күнге көлік қозғалысы шектеледі

25-29 мамыр аралығында елорда көшелерінің жекелеген бөліктерінде көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.

Ақорда

Астана, NEGE. Мемлекеттік күзет қызметінің хабарлауынша, бұл шара Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының өтуіне байланысты қабылданған.

Көлік қозғалысын шектеу аталған іс-шараларға дайындық және оларды өткізу аясында іске асырылмақ.

«Іс-шаралар барысында Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштерінің күштері мен құралдарын, оның ішінде әскери авиация мен техниканы пайдалану көзделген.

Сонымен қатар аталған күндері Астана аспанында Қорғаныс министрлігінің майдан авиациясының ұшуы жоспарланған», – делінген хабарламада.

Осыған байланысты Мемлекеттік күзет қызметі Астана тұрғындары мен қонақтарынан маңызды іс-шараны өткізу кезеңіндегі қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауды сұрайды.

Қазір оқып жатыр

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады

Енді шетелдік дәрі-дәрмектер халыққа жылдам жеткізілмек

Ақтөбеде қоқыс маңынан пакетке салынған нәресте табылды