Астанада психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған жасөспірім 5 жасар баланы пышақтап кетті

Әлеуметтік желіде елордадағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі лифт ішінде бес жасар балаға медициналық бетперде таққан жасөспірімнің пышақ жарақатын салған видеосы тарады

видео-скрин

Алматы, NEGE. Аталмыш дерекке қатысты Астана қалалық полиция департаменті пікір білдірді.

«Оқиғаны тергеу барысында психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған жасөспірім анықталды. Оның заңды өкілдері полицияға шақырылды. Олар тәлім-тәрбие беру міндеттемелерін дұрыс орындамағаны үшін заңнамаға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады», — деп атап өтті полиция.

Сондай-ақ, құзырлы орган зардап шеккен баланың ауруханаға жатқызылғанын, оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын атап өтті.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.