Астанада полиция күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті

Елордалық полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Бұған алдағы күндері Астанада өтетін Шанхай ынтымастық ұйымының саммиті себеп. Қазір жасақ саны ұлғайтылып, бейнебақылау қатаңдатылды.

Сонымен қатар елордаға кріберістерде «Рубеж» стационарлық бекеттері қойылды. Онда қала қонақтары мен тұрғындардың құжаттары және тыйым салынған заттардың бар-жоғы тексеріліп жатыр. Бұл жайлы Астана қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Олар саммит уақытында басты даңғылдарда көлік қозғалысы уақытша шектелетінін айтты.

Сонымен бірге астаналықтарды қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шараларға түсіністік танытуға үндейді. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр