Астанада полицейлер дүкен тонаушыны ұстады

Елорда полицейлері таңертең шағын маркет сатушысынан ашық түрде энергетикалық сусын тонаған қала тұрғынын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Қылмыскер өзін тоқтатуға әрекет жасаған күзетшіні қағып, пышақпен қорқытып, ізін суытқан. Сарыарқа аудандық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері дереу күдіктінің ізіне түсіп, бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған 27 жастағы жігітті ұстады.

Тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қаскүнем Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды