2 октября 2024 г. 13:18

Астанада пауэрлифтингтен әлем чемпионаты өтеді

Фото: gov.kz

Астанада 5 -12 қазан күндері аралығында Астанада көру қабілеті төмен және зағип спортшылар арасында IBSA Пауэрлифтинг және жатып сығымдаудан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Алматы, NEGE. Бұл маңызды шара алғаш рет Қазақстанда ұйымдастырылып отыр. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен келген ең мықты спортшылар қатысады.

Чемпионатқа 9 елден 71 спортшы қатысады: Қазақстан, Грузия, Украина, Түркия, Египет, Ливия, Чехия, Израиль, Кения. Жалпы 130 адам қатысады, оның ішінде жаттықтырушылар, көмекшілер және төрешілер бар. Бұл чемпионат Қазақстанда зағип спортшылар арасында пауэрлифтингтен өткізілетін әлемдік деңгейдегі алғашқы іс-шара болып саналады. Чемпионат елімізде инклюзивтікті қолдауға және мүмкіндігі шектеулі жандардың спортын дамытуға маңызды үлес қосады.

Іс-шараға кіру тегін.

Чемпионат қазақстандық пара пауэрлифтинг федерациясы және Қазақстандық зағип спорт ассоциациясымен ұйымдастырылып, Туризм және спорт министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.