Астанада өзеннен оқушы қыздың мәйіті табылды

Астанада оқушы қыздың мәйіті өзеннен табылды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

Gov.kz

Астана, NEGE. 24 қараша сағат 21:00-де полицияға елорда тұрғынынан арыз түскен. Ол 18:30 шамасында қызының үйден шығып кетіп, байланысқа шықпағанын айтқан.

Қызды іздеуге полицияның жеке құрамы, еріктілер және ТЖД қызметкерлері жұмылдырылды.

Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде мектеп оқушысының мәйіті өзеннен табылды. Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады ПД.

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады