Астанада өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, бір адам қаза тапты

Астанада өрт сөндіру қызметінің көлігі бағдаршамның тыйым салатын белгісінен өтіп кетіп, жеңіл көлікпен соқтығысқан. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

«Астана қаласының Полиция департаменті жол апаты салдарынан адам қаза тапқан көлік құралын басқарушының жол ережесін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі бағдаршамның қызыл шамы жанып тұрғанына қарамай, Бөгенбай батыр мен Жеңіс даңғылдарының қиылысынан өтіп кетпек болған. Осы кезде ол «Kia» маркалы жеңіл көлікпен соқтығысқан. Оқиға салдарынан жапа шеккен «Kia» жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Кейін алған жарақаттарынан 52 жастағы жолаушы әйел көз жұмды», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр