Астанада Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясында 40 миллион теңгеден астам қаржы ұрланған

Қаржылық мониторинг агенттігі Астана қаласында «Олимпиадалық емес түрлер бойынша спортты дамыту дирекциясы» КММ-да бюджет қаражатын жүйелі түрде ұрлау фактісін анықтады. 

ҚМА

Алматы, NEGE. Мәселен, 2021-2022 жылдар кезеңінде ҚММ лауазымды тұлғалары оқу-жаттығу жиындарын өткізуге бөлінген бюджеттік қаражатты жымқырған.

Іс жүзінде жиындар өткізілмеді, жаттықтырушылар спортшылардың жүріп-тұруы және тамақтануы туралы жалған есептер тапсырды.  Заңсыз әрекеттерден мемлекетке келтірілген залал сомасы 40 млн теңгеден асады.

 Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Иран тарабы Ядролық қаруды таратпау туралы шарттан шығуы мүмкін екенін мәлімдеді

Қылмысқа жәрдемдесу ретінде сараланады: полиция ата-аналарға үндеу жасады

Алматы облысында 20 түрлі дәрі шығаратын фармацевтикалық зауыт салынады

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды