Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

Астанада Мүгедектігі бар адамдар күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек қарастырылған.

gov.kz

Астана, NEGE. Әкімдік мәліметінше, біржолғы төлем мынадай мөлшерде беріледі:

  • I топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 20 АЕК немесе 86 500 теңге;

  • II топтағы мүгедектігі бар адамдарға және 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – 10 АЕК немесе 43 250 теңге;

  • III топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 5 АЕК немесе 21 625 теңге.

Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш берудің қажеті жоқ. Қаражат алушылардың есепшотына автоматты түрде аударылады. Алайда жақында елордаға қоныс аударған азаматтар мекенжайының Астанаға ауыстырылғанын тексеруі қажет.

Әлеуметтік көмек жылына бір рет беріледі. Егер азамат 2026 жылы басқа негіз бойынша осындай төлем алған болса, оған қаражат қайтадан аударылмайды.