Астанада мерекелік отшашуды тамашалауға 10 мыңнан астам адам келді

Елордалық Триатлон саябағында мерекелік отшашу өтті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Астана әкімдігі

Алматы, NEGE. Отшашуды тамашалауға 10 мыңнан астам адам келді. 4 минут ішінде аспанға биіктігі 30-дан 250 метрге дейін 2500 отшашу ұшырылды. Ұзындығы 150 метрді құрады.

Отшашу жеке демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылды.

Айта кету керек, елорда тұрғындары мен қонақтары үшін айтулы мерекеге орай 100-ден астам түрлі форматтағы іс-шара (концерттер, қойылымдар, көрмелер, спорттық іс-шаралар және т.б.) өткізілді.

Сонымен қатар мереке аясында түрлі саладағы еңбек сіңірген қызметкерлер, еңбек ардагерлері, батылдық танытқан қазақстандықтар және т.б. тұлғалар марапатталды.

Сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына 1 мыңнан астам азық-түлік себеті таратылды.

Қазір оқып жатыр

Жаһандық саммит аясында Мәжіліс спикері екіжақты кездесулер өткізді

Қаракемердің балаларын шыр айналдырған не қара күш?

ШҚО-да кәсіпкер әлеуметтік тауарды 127% үстемемен өзіне-өзі қайта сатқан

Сыртқы істер министрлігі қажылық алдында ықтимал қауіптер жөнінде ескертті