Астанада мас азамат өзгенің көлігін айдап кетіп, бағанаға соғылды

Астанада мас азамат өзгенің көлігін айдап кетіп, бағанаға соғылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Елордада полицейлер көлік ұрлау фактісі бойынша тағы бір қылмыстық істі тіркеді. 24 жастағы жігіт бөтеннің автокөлігін заңсыз иемденіп қана қоймай, оны мас күйінде жүргізген. Жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады.

Тергеу нәтижесінде анықталғандай, жас жігіт түнгі уақытта алкогольдік ішімдік ішіп, көшеге шыққан. Тұрғын үй ауласында тұрған Mercedes E-230 көлігінің есігінің ашық, ал кілттің тұтандырғышта тұрғанын көріп, көлікті айдап әкеткен. Біраз уақыт қаланы көлікпен аралап жүріп, бағанаға соғылып, 3 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Қазіргі уақытта құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты

4 жылдан кейінгі алтын: дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды

Экономист: Алдағы 20 жылда пәтер бағасы түспейді