Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Астана әкімдігі LRT билетінің құнын 200 теңге деп белгілеуді ұсынды.

Астана әкімдігі

Астана, NEGE. Елорда әкімдігі «Ашық НҚА» порталында Астана қаласында жолаушылар мен багажды жеңіл рельсті көлікпен (LRT) тасымалдау тарифтеріне қатысты қаулы жобасын жариялады. 

Құжатта мынандай тарифтер белгілеу ұсынылған:

1) қолма-қол және қолма-қолсыз төлем кезінде 200 (екі жүз) теңге;

2) жеңілдігі бар көлік картасы арқылы төлеу кезінде – 0 теңге.

Төлем қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жүргізіледі.

Сондай-ақ Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын жекелеген санаттағы азаматтардың қоғамдық көліктегі төлемнен босатылатыны айтылған.

Қаулы жобасы 27 наурызға дейін талқылауға шығарылды.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

Израиль президенті Астанаға келді

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды