Астанада LRT-нің Қосшы бағытындағы екінші кезеңінің құрылысы басталды

Астана әкімдігі LRT жобасының екінші кезеңін Қосшы қаласы бағытына іске асыру аясында алғашқы тірекке бетон құю жұмыстарының атқарылғанын хабарлады.

Астана әкімдігі

Астана, NEGE. Сондай-ақ Астана қаласындағы бетон зауытында желінің эстакадалық бөлігіне арналған алғашқы темірбетонды құрастырмалы арқалық дайындалды.

«Қосшы қаласы бағыты бойынша барлығы 300-ден астам тірек тұрғызылып, 538 темірбетонды құрастырмалы эстакадалық арқалықты пен 8 монолитті арқалық салу жоспарланған», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін қала әкімі Жеңіс Қасымбек елордадағы LRT мамыр айының ортасына қарай іске қосылуы мүмкін екенін айтқан еді. Сонымен қатар әкімдік билет құнын 200 теңге деп белгілеуді ұсынған.

Қазір оқып жатыр

Павлодарда екі мың мұғалімнің мекенжайы мен телефон нөмірі тарап кеткен

Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандай бастады

Назарбаев университеті пәтерінде табылған қару-жарақ: қылмыстық іс қозғалды

Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы «Дикий Арманмен» дос болғанын растады