Астанада лифт құлап бір адам қаза тапты

Астанада лифт құлап, бір техникалық қызметкер қаза тапты. Тағы екі адам жарақат алған.  

ашық дереккөз

Астана, NEGE. Қалалық полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Оқиға кезінде лифт ішінде бірнеше техникалық қызметкер жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан.  

Апат салдарынан бір адам қаза тауып, тағы екі жұмысшы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – деп мәлімдеді полиция департаменті.  

Әлеуметтік желіде аталған оқиға Төлебаев 5 мекен-жайында орналасқан «Арыстан» тұрғын үй кешенінде болғаны айтылуда.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды