Астанада лауазымды тұлғаның қателігінен педагогтер әлеуметтік аударымнан қағылған

Прокуратура мәліметінше, қызметкерлер еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетке шыққандар қатарына емес, жасына байланысты зейнетке шыққандар қатарына енгізілген.

gov.kz

Астана, NEGE. «Алматы» аудандық прокуратурасы білім беру ұйымдарының бірінде төрт қызметкерге әлеуметтік аударымдар жүргізілмегенін анықтаған.

«Бұған аталған мамандардың қателікпен жасына байланысты зейнеткерлер санатына жатқызылуы себеп болған. Алайда бұл қызметкерлер еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады», – делінген қадағалаушы орган таратқан хабарламада.

Осы қателіктің салдарынан 2023–2025 жылдар аралығында әлгі қызметкерлер үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар жасалмаған.

«Прокуратураның араласуынан кейін заң бұзушылықтар жойылды: қызметкерлердің құқықтары қалпына келтіріліп, 909 936 теңге көлемінде әлеуметтік аударымдар төленді», – деп хабарлады прокурорлар.

 Ал кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе» жанкүйерлері Нани мен Love Айканың суретін өшіруді талап етті

Қазақстан туы әлемдегі ең әдемі ту деп танылды

Тоқаев туристік сала мен балалар спортын қолдауға арналған заңға қол қойды

Астанада 15 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр