Астанада күрес түрлерінен Қазақстан кубогы өтеді

24-30 мамыр аралығында Астанада ересектер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының Кубогы өтеді.

ҰОК

Алматы, NEGE. Бұл турнирге еліміздің барлық өңірлерінен және республикалық маңызы бар қалалардан шамамен 1000 балуан қатысады.

Айта кету керек, биылғы жарысқа халықаралық аренада Қазақстанның намысын қорғаған атақты спортшылар да қатысады. Өйткені Кубоктың басты мақсаты - алдағы әлем чемпионаттарына қатысатын балуандарды ұлттық құрама сапына іріктеу.

Алғашқы медальдар еркін күресте сарапқа салынады. Одан кейін жарыс жолына әйелдер шығады. Турнирді грек-рим күресінің балуандары аяқтайды.

Жарыстар Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді.

Қазір оқып жатыр

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?