Астанада күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды

1-5 ақпан аралығында Астанада күрес түрлерінен Қазақстан біріншілігі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Алғашқы жарыс күнінде грек-рим күресінің шеберлері кілемге шығады. Ел чемпионатының жүлдесіне таласатын балуандар арасында ұлттық құрама үздіктері де бар.

Атап айтар болсақ, Исхар Құрбаев, Айдос Сұлтанғали, Сұлтан Әсетұлы, Алмат Кебіспаев, Мейіржан Шермаханбет, Демеу Жадыраев, Азат Садықов, Мақсат Ережепов, Әлімхан Сыздықов сынды әлемдік жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері сынға түседі.

Чемпионат қорытындысы бойынша сәуір айында Қырғызстанда өтетін Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысатын спортшылар анықталады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр