Астанада кран құлап, жұмысшы көз жұмды: қылмыстық іс қозғалды

Елордада құрылыс алаңында қаза тапқан жұмысшының өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

ғаламтордан

АЛМАТЫ, NEGE.  Оқиға 18 шілдеде сағат 20:00 шамасында Тұрар Рысқұлов көшесіндегі «Абырой» тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болған. Кенеттен соққан қатты жел салдарынан башнялы кран құлап, оның ішінде болған жұмысшы сол жерде жан тапсырды.

Ресми мәліметке сәйкес, құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы фактісі бойынша тергеу басталды.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себебі мен жауапты тұлғалар анықталуда.

Қазір оқып жатыр

«Бетінің сау тамтығы қалмаған»: Түркістан облысында бес жасар қызды ит талады

Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол апаты: іс сотқа жолданды

Мектептердегі қорытынды емтихандар қай күндері өтеді?

Бағбандар, жүргізушілер, инженерлер: Тоқаев Түркістандағы саммитке үлес қосқан азаматтарды марапаттады