Астанада Көші-қон қызметі басқармасының бұрынғы басшысына қатысты тергеу жүріп жатыр

Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Астанада Көші-қон қызметі басқармасының бұрынғы бастығы Ербол Махметовтің ұсталғаны туралы ақпарат тарады.

Астана қаласының коммуникациялар қызметі

Астана, NEGE. Сондай-ақ оның бұрынғы орынбасары Әлия Мақаеваға қатысты қылмыстық іске қатысы болуы мүмкін екені айтылды. 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Махметовке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын растады. Алайда Комитет өкілдері Махметовтің Мақаеваға қатысты қылмыстық іске қатысы бар-жоғын және оның қай бап бойынша тергеліп жатқанын нақтыламады.

«Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды», – делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске салсақ, Астана қаласы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқаратын Әлия Мақаеваның ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Журналист Михаил Козачковтың жазуынша, полиция полковнигі заңсыз көші-қон ұйымдастырды деген күдікке ілінген.

Ал ҰҚК Мақаеваға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаған еді.