Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 3 бала қаза тапты

Бүгін түнде Астана қаласы Есіл ауданы, Түркістан көшесінде 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды ТЖМ.

Pixabay

Астана, NEGE. Хабарлама түскеннен кейін ТЖМ күштері мен құралдары оқиға орнына жедел жетті. Алғашқы бөлімшелер келген кезде пәтер ашық жанып жатқан.

Өртті сөндіру барысында жанып жатқан пәтерден күйік алған әйел құтқарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Ол №1 Көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнынан үш кәмелетке толмаған баланың денесі табылды.

ТЖМ күштерімен жоғарғы қабаттардан 20 адам эвакуацияланды, тағы 40-қа жуық адам ғимараттан өз бетінше шықты. Өрт толық сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Сондай-ақ әкімдік мәліметінше, зардап шеккен әйелге және қаза болғандардың отбасына қажетті жан-жақты көмек көрсетіледі. Жағдай бақылауда.

Қазір оқып жатыр

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты