Астанада конькимен жүгіру спортынан Қазақстан кубогының іріктеу кезеңі өтеді

Астанада конькимен жүгіруден Қазақстан кубогының іріктеу кезеңі өтеді.

ҰОК

Алматы, NEGE. Қазір ұлттық құрама елордада оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Одан кейін маңызды республикалық турнир басталады.

Қазақстан кубогы 13-15 қазан аралығында өтеді. Оның қорытындысы бойынша жаңа маусымда ел намысын қорғайтын және Олимпиадаға жолдама алу үшін Әлем кубогының іріктеу кезеңдерінде сынға түсетін құрама жасақталады.

2026 жылғы Олимпиадаға іріктеу төрт Әлем кубогы кезеңінен тұрады. Оның біріншісі 14-16 қараша аралығында АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында ұйымдастырылады. Екінші кезең 21-23 қарашада Канаданың Калгари қаласында өтеді.

Үшінші кезең Нидерландтың Херенвен қаласында 5-7 желтоқсан күндері өтсе, төртіншісі 12-14 желтоқсан аралығында Норвегияның Хамар қаласында болады.

Қазір оқып жатыр

«Бір ғана өтінішіміз – бостандығымыздан айырмаңыздар»: Жанабыловтар сотта жылап тұрып кешірім сұрады

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан