Астанада қонақ үй кәрізінен шала туған сәби табылды

Желіде Астанадағы қонақүйлердің бірінің кәрізінен алты айлық шала туған нәресте табылғаны туралы ақпарат жарияланды. Қалалық полиция қызметі ақпаратты растады.

magnific.com

Астана, NEGE. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

«Осы факті бойынша 29 жастағы әйел ұсталды. Қажетті қажетті барлық шара Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қабылдануда», – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ жыл басынан бері осы қонақүйден «102» арнасына 19 хабарлама түскені атап өтілді. Тыныштықты бұзғаны үшін 13 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылса, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 3 азаматқа қатысты әкімшілік шара қолданылды.

«Құқық бұзушылықтарға байланысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қонақүй иесіне қылмыстық және өзге де құқықбұзушылықтардың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс енгізілді», – делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта қонақүй аумағын учаскелік полиция инспекторлары тұрақты бақылауға алған. Бұған қоса қонақүй әкімшілігімен және онда тұратын азаматтармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.