Астанада кейбір тұрғын үйлерде жылу мен ыстық су уақытша өшіріледі

Бүгін, 21 қазанда, елордадағы бірқатар тұрғын үйде жылу мен ыстық су беру уақытша тоқтатылады.

pixabay.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде iKomek 109 қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы хабарлады.

Сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін:

  • Е-430 көшесі, 4-үй;

  • Мұхамедханов көшесі, 41-үй.

Сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін:

  • Аманжолов көшесі, 20-үй;

  • Қарашаұлы көшесі, 1, 4, 5, 7, 8, 9, 12-үйлер;

  • А-191 көшесі, 2-үй;

  • Бекхожин көшесі, 12, 14, 16, 18-үйлер;

  • Байжанбаев көшесі, 1, 3, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 12, 14, 15, 16, 17-үйлер;

  • Панфилов көшесі, 1а, 3, 9-үйлер;

  • Құлымбетов көшесі, 2, 5, 6, 10, 12, 13, 14, 15, 17-үйлер.

Сағат 08:30-дан 16:30-ға дейін:

  • Мүсірепов көшесі, 2, 2/1, 2/2, 4, 4/1-үйлер;

  • Абылай хан көшесі, 55, 55/1, 57, 59, 59/1, 59а-үйлер;

  • Мұстафин көшесі, 1-үй;

  • Ақжол көшесі, 49/5-үй;

  • Чехоев көшесі, 1, 3-үйлер;

  • Сарайшық көшесі, 12, 12/1, 14-үйлер;

  • Алматы көшесі, 6-үй.

Қазгидрометтің болжамынша, бүгін Астанада күндіз ауа температурасы 6… 8 градус болады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін.