Астанада Кенесары ханның ескерткіші тұғырына қайта қойылды

Астанада Кенесары ханның ескерткіші тұғырына қайта орнатылды. Бұл туралы мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин айтты.

Видеодан алынған кадр

Алматы, NEGE. Кенесарының ескерткіші орнына қайта қойылғаннан кейін Ерлан Қарин сол жерге барып, видео түсірді.

– Өткен жылы Астанада Есілдің жағасында тұрған Кенесары ханның ескерткіші жөндеу жұмыстарына байланысты орнынан алынған кезде әлеуметтік желіде біраз әңгіме болған еді. Қайта-қайта түсініктеме бергеніме қарамастан, кейбір азаматтар “Кенесарының ескерткіші мүлдем алынып тасталды” енді мүлдем орнына қойылмайды” деген сияқты расталмаған ақпарат таратқан болатын. Ал шын мәнісінде ескерткішке жөндеу жұмыстары қажет болды. Сондықтан ол орнынан алынды, керісінше, оны бұрынғымен салыстырғанда биіктігін де ұзартатын болды. Міне, бүгін сол жөндеу жұмыстары аяқталып, ескерткіш орнына қойылды, – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?