ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов Астанада қамауға алынды

Бұл жөнінде ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет  Матаев хабарлады.

facebook.com/abukassen

Астана, NEGE. Оның мәлімдеуінше, Әмір Қасенов 23 желтоқсан күні кешке Есіл аудандық полиция бөліміне тергеуге шақырылып, артынша оның ұсталғанын хабарлаған.

«Егер Қазақстанда әділдік болса, онда Әмірге тағылған барлық айып алынып, ол бостандықта болады!», – деп жазды Әсет Матаев.

Полицияның мәліметінше, жекеменшік компанияның арызы негізінде сотқа дейінгі тергеу басталған. Арызда өтініш берушінің нұсқасы бойынша, компанияның іскерлік беделіне нұқсан келтірілгені,  бірнеше рет көрінеу жалған ақпарат таратылғаны көрсетілген.

Әмір Қасенов уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция өкілдері тергеу әрекеттері Қылмыстық-процестік кодекс талаптарына сәйкес жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Бұған дейін Әмір Қасенов пен Әсет Матаев Freedom Finance компаниясының арызы бойынша күдікті деп танылғаны хабарланған еді.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды