Астанада қар тазалау жұмыстарына 2,3 мыңнан аса жұмысшы жұмылдырылды

Астананың көшелері мен тротуарларын қар мен мұздан тазартуға 1,6 мыңнан аса арнайы техника шықты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана әкімдігі

Алматы, NEGE. 10 ақпан күні таңертең қар тазалау жұмыстарына қаланың коммуналдық қызметінің 2,3 мыңнан астам жол жұмысшысы және 1,6 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

9 ақпаннан 10 ақпанға қараған түні елордадан 48 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 3,4 мыңнан астам ауыр жүк көлеміне тең.

Қыс басынан бері қаладан қар полигондарына 309 мыңға жуық рейс, яғни 4,2 млн текше метр қар шығарылды.

Қазір оқып жатыр

Қайрат Сатыбалды ұзақ уақыттан кейін алғаш рет ел алдына шықты

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды

Алматы облысында оқушы мұғалімді ұрып, дене жарақатын келтірген

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтыққа байланысты ескерту жасады