Астанада кабель ұрлаған күдіктілер қолға түсті

Астана полицейлері кабель ұрлығын ашты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Байқоңыр аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар елорданың екі тұрғынын анықтады.

Күдіктілер кешкі уақытта қоймаға кіріп, кабельді жасырын ұрлап, 250 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Олардың ұрланған кабельді бірден металл жинау орнына өткізіп жібергені де белгілі болған. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті