Астанада интернет-дүкен арқылы каннабис шайыры қосылған печенье сатылған

Астанада «Пепе» интернет-дүкені арқылы есірткі таратқан бес ер адам ұсталды. Күдіктілер жалдамалы пәтерлерде ұсталып, қамауға алынды.

polisia.kz

Астана, NEGE. ІІМ мәліметінше, қылмыстық топ марихуана, гашиш және каннабис шайырын тәулік бойы таратқан.

Тінту кезінде каннабис шайыры қосылған, әрқайсысының салмағы 100 грамм болатын 238 печенье, ірі көлемдегі қолма-қол ақша, банк карталары, ұялы телефондар, электронды таразылар мен есірткіні өлшеп-орауға арналған құрылғылар тәркіленген.

Қылмыстық топ ұйымдастырушы – буып түюші – қоймашы – есірткі жасырушы иерархиясы бойынша әрекет еткен.

Бұл факт бойынша полиция қызметі Қылмыстық кодекстің 297-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.