Астанада «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы сатыла ма?

Krisha.kz сайтында «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының мекен-жайы көрсетілген хабарландыру жарияланды.

2gis

Астана, NEGE. Хабарландыруда аталмыш нысанның сатылымға шығарылғанын аңғаруға болады. Бағасы – 17 млрд 250 млн теңге деп көрсетілген.

«Нұра ауданында орналасқан, жеке тұрған, еркін мақсатқа арналған ғимарат сатылады. Ғимараттың жалпы ауданы – 15 800 шаршы метр, оның ішінде 800 шаршы метр жабық паркингке тиесілі. Сонымен қатар, ашық автотұрақ қарастырылған. Ғимарат аумағын толық қоршауға мүмкіндік бар», – делінген хабарландыруда.

Хабарлама авторы барлық сұрақтың кездесу барысында талқыланатынын, сонымен қатар риелторлармен жұмыс істемейтінін атап өткен.

Естеріңізге сала кетейік, Хан Шатыр – Астана қаласында орналасқан ірі ойын-сауық және сауда орталығы. Ол 2010 жылы 6 шілдеде Астана күніне орай ашылған.

Қазір оқып жатыр

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған

Қазгидромет 11–13 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Винус Уильямс Зарина Диасқа қолдау білдірді

Тоқаев Трампты «Артемида-2» миссиясының орындалуымен құттықтады